Қазақстан Республикасының Әділет органдары қызметкерлері күні қарсаңында Алматы облысының құқықтық қоғамдастығы өкілдерінің басын қосқан спорттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Алматы облысы Әділет департаментінің, Алматы облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, Алматы облысының Нотариаттық палатасының, Алматы облыстық адвокаттар алқасының және Алматы облысының Заң кеңесшілерінің бас палатаысының қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар футбол, волейбол және үстел теннисі бойынша өзара бақ сынасып, тек спорттық шеберлік пен жеңіске деген жігерін ғана емес, сонымен қатар шынайы командалық рухын да көрсетті.
Іс-шара барысында өзара қолдау, достық бәсекелестік, көтеріңкі көңіл-күй мен ауызбіршілік ерекше атмосфера қалыптастырды. Мұндай кездесулер кәсіби байланыстарды нығайтуға, командалық өзара іс-қимылды дамытуға және әріптестерді ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіруге ықпал етеді.
🤝 Спорт — біріктіреді! Достық — нығайтады! Бірлік — бізді күшейтеді!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1300208?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау