2026–2027 оқу жылына арналған мектепалды даярлық және бастауыш сыныптар бойынша қауымдастық тобының отырысы өткізілді
Отырыс барысында оқу жылына қойылған негізгі міндеттер мен алдағы жұмыс бағыттары талқыланды.
Күн тәртібінде қауымдастық тобының жылдық жұмыс жоспарын бекіту, аттестаттаудан өтетін педагогтерді анықтау және атқарылатын жұмыстарды қадағалау, жас ұстаздарға әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында семинарлар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, бастауыш сыныптар мен мектепалды даярлық сыныптары арасында өткізілетін байқаулар, пәндік олимпиадалар, шығармашылық сайыстар және оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары талқыланды.
Отырыста педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жас мамандарға тәлімгерлік қолдау көрсету, озық педагогикалық тәжірибені тарату және білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында нақты міндеттер айқындалды.
Алдағы оқу жылында қауымдастық мүшелерімен бірлескен жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру, өзара тәжірибе алмасуды күшейту және белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1300002?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау