«Алып фресканың фрагменттері»: Қарағандыда Петр Кишкистің картиналары-метафоралары көпшілік назарына ұсынылады  

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

29 қыркүйекте Қарағандыдағы «Алтын Ғасыр» галереясында (Комиссаров көшесі, 35а) белгілі қарағандылық суретші Петр Кишкистің жеке көрмесі ашылады. «Тұтастың бөлектері» деп аталатын экспозицияға әр жылдары салынған кескіндеме және графика туындылары топтастырылған. Оларды суретшінің өзіндік қолтаңбасы мен адам болмысының ішкі әлеміне деген қызығушылығы біріктіреді.

Кишкис көрерменге өз ой-толғамына кеңістік қалдыра отырып, архетиптік бейнелерді пайдаланатын картиналар-метафоралар жасайды. Оның туындылары Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде, Қарағанды облыстық музейінде, сондай-ақ Қазақстан мен басқа да елдердегі жеке коллекцияларда сақтаулы.

Петр Кишкистің портреті. Этюд
Авторы: Сергей Щеголихин

«Менің жұмыстарым алып фресканың фрагменттері секілді — бұл менің өмірімнің шежіресі», – деген еді суретші.

Көрменің «Тұтастың бөлшектері» деп аталуы Кишкис шығармашылығының негізгі ұстанымын аңғартады: жекелеген бейнелер мен детальдар біріге келе, адам, уақыт және қоршаған әлем туралы ой-толғанысты қамтитын күрделі тұтас картинаға айналады.

Петр Кишкис 1953 жылы дүниеге келген. Львов көркемсурет училищесін және Мухина атындағы Ленинград жоғары көркемөнер-өнеркәсіп училищесін тәмамдаған. 1991 жылдан бері Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1299950?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version