Ақсу қаласы Құркөл ауылының Дөнентаев атындағы мектебінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген нұсқаманың орындалмауына байланысты Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасы негізінде Ақсу қаласы Құркөл ауылының Дөнентаев атындағы мектебіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру шеңберінде білім беру саласындағы заңнама талаптарының орындалуы тұрғысынан білім беру ұйымының құжаттары мен қызметі қаралды.
Нұсқамада көрсетілген жекелеген талаптардың толық көлемде орындалмағаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша мектепке анықталған сәйкессіздіктерді жою мерзімдері белгіленген нұсқама берілді.
Білім беру ұйымының басшысына қатысты заңнамада көзделген әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.09:15
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1300577?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау