Ақтөбе қаласының басты көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері тоқтау туралы заңды талапқа бағынбаған скутер жүргізушісін ұстады.
Көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізуші полицейлердің талабын елемей, қозғалысын жалғастырған. Осылайша, ол өз қауіпсіздігіне ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндірген.
Қозғалысын жалғастыру барысында скутер жүргізушісі 10-нан астам жол қозғалысы ережесін бұзған. Атап айтқанда, бағдаршамның тыйым салынған қызыл сигналына өтіп, қарсы қозғалыс жолағына шыққан және өзге де қауіпті құқық бұзушылықтарға жол берген.
Аталған факті бойынша әкімшілік іс материалдары сотқа жолданды. Сот шешімімен құқық бұзушыға 8 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалып, 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын елемеу жауапкершіліктен босатпайды. Керісінше, мұндай әрекет жолдағы жағдайды ушықтырып, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1300771?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау