Астанада ШҚО-ның ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

3–4 қазанда Астанадағы ипподром аумағында (Қарқаралы көшесі, 1) сағат 7:00-ден 18:00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге Өскемен қаласы мен облыстың 11 ауданынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам өнім түрі ұсынылады: бал – 60 тонна; шұжық өнімдері – 6,5 тонна; сүт өнімдері – 10 тонна; өсімдік майы – 25 тонна; балық және балық өнімдері – 9 тонна; мал және құс еті – 37,5 тонна; қымыз және ұлттық өнімдер – 2 тонна; алкогольсіз сусындар – 500 литр; панты өнімдері – 0,5 тонна ұсынылады.

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 150,5 тоннаны құрайды.

Өнімдер нарықтағы бағадан 15–20%-ға төмен бағада сатылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1300583?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version