Елордалық Байқоңыр ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақбұлақ өзенінің жағалауында 100-ден астам студенттің қатысуымен 130 түп жасыл желек отырғызылды.
Оның ішінде 70-тен астамы – ірі көлемді ағаштар, ал 50-ге жуығы – бұталар. Жас көшеттер жағалау аумағын көгалдандырып, қоғамдық кеңістіктің көркін арттыруға және экологиялық ортаны жақсартуға үлес қосады.
Игі бастамаға белсенді қатысқан жастар қоршаған ортаны қорғау мен туған қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Байқоңыр ауданында күзгі көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Мұндай экологиялық шаралар тұрғындар мен жастарды табиғатты аялауға, қоғамдық кеңістіктерді таза ұстауға және елорданың жасыл қорын көбейтуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-baikonyr/press/news/details/1300127?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау