Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 131-1-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік субъектілері аудиториясы үшін «Бірыңғай есеп беру күні» 2026 жылғы 24 қыркүйекте Түркістан қаласындағы Достық үйінде өтті.
Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қайыпбек Қанат Әбдіразақұлы қатысты.
Кездесу барысында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан 2026 жылдың алғашқы 8 айында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріліп, салықтық әкімшілендіру бағытында жүргізілген жұмыстар таныстырылды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер, салық салу тәртібіндегі жаңашылдықтар және кәсіпкерлер үшін маңызды нормалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында бизнес өкілдері тарапынан салық заңнамасы, салықтық әкімшілендіру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қойылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы С. Шырынбекова кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша толық әрі жан-жақты түсіндірмелер берді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, кәсіпкерлік субъектілерін толғандырған өзекті мәселелер талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1299959?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау