Қарттар күніне орай өңірімізде «Бір дәуірдің мөлдіреген жастары едік» атты апталық бастау алды. Апталық аясында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың денсаулығын нығайтуға, әлеуметтік қолдау көрсетуге және ұрпақтар сабақтастығын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шара өткізу жоспарланған.
Апталықтың алғашқы күні Отырар ауданында «Денсаулық керуені» шарасы ұйымдастырылып, медицина мамандары аудан орталығынан шалғай орналасқан Аққұм ауылдық округіне барды.
Іс-шара барысында ауылдағы қарт азаматтардың денсаулығы тексеріліп, қан қысымы өлшеніп, қандағы қант мөлшері анықталды.
Сонымен қатар мамандар қариялардың жалпы денсаулық жағдайын бақылап, қажетті медициналық кеңестер берді.
«Денсаулық керуенінің» басты мақсаты – шалғай елді мекендердегі қарттарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, аурулардың алдын алу және олардың денсаулығына тұрақты көңіл бөлу.
Қарттарға құрмет көрсетіп, қамқорлық танытуға бағытталған игі шаралар апталық аясында алдағы күндері де жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1300779?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау