Еңбек күніне арналған іс-шаралар аясында, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында үстіміздегі жылғы 24 қыркүйекте Петропавл қаласындағы Жастар сарайында облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл іс-шара жастарды, түлектерді және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, сондай-ақ олардың кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған.
Жәрмеңкелер кәсіпорын өкілдеріне жұмыс күшіне деген кадрлық қажеттіліктерін мәлімдеуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей тілдесе алады, алғашқы байланыс орнатып, өз түйіндемелерін ұсына алады. Сонымен қатар, бос жұмыс орындары, еңбек жағдайлары туралы ақпарат алып, тіпті алдын ала сұхбаттан өтуге мүмкіндік алады.
Жұмыс іздеп жүрген тұлғаларға бос жұмыс орындарының кең ауқымы ұсынылды, соның ішінде жұмысшы мамандықтары бойынша облыстың 30 кәсіпорны мен ұйымы 1000-нан астам жұмыс орнын ұсынды. Олардың қатарында өнеркәсіп, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың кәсіпорындары бар.
Жәрмеңкеге 750-ден астам жұмыс іздеуші азамат қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/1299968?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау