Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу аяқталды.

ЕЭК-те қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығымен бекітілген ЕЭК қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларына (Қағидалар) сәйкес өткізілді.

2026 жылғы 11 қыркүйекте өтініш берген кандидаттармен әңгімелесу өткізілді, оның барысында үміткерлер ЕАЭО-ның институционалдық негіздерін білу, кәсіби деңгейі және Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі бағаланды.

Келесі біліктілік іріктеу 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында жарияланатын болады.

Кандидаттарда уәкілетті органның ұсынымының болмауы оларды ЕЭК-те бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстық іріктеуге одан әрі қатысу мүмкіндігінен айырмайтынын атап өтеміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1300625?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version