М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Бегзак Ислам Павлодар облысының құрама командасы сапында «Жас Ұлан» жарысына қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облысының құрама командасы жалпы командалық есепте ІІ орынға ие болды.
Бұл нәтиже жас спортшының мақсатқа ұмтылысы, табандылығы мен жүйелі дайындығының, сондай-ақ командалық жұмыстың нәтижесі болды. Осындай деңгейдегі жарысқа қатысу Бегзак Исламға құнды спорттық тәжірибе жинақтап, облыстың құрама командасы сапында өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік берді.
Бегзак Исламды, оның ұстаздары мен жаттықтырушыларын қол жеткізген нәтижелерімен құттықтаймыз!
Жас спортшыға алдағы жарыстарда жаңа жетістіктерге жетіп, өз күшіне сенімді болуын және толағай табыстарға жетуін тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1300193?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау