Мәслихат Мәртөк ауданының жаңа әкімінің кандидатурасын бекітті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс елу сегізінші сессиясы барысында депутаттар Нұржан Сұлтанғалиұлы Мақсатовтың аудан әкімі лауазымына тағайындалуына бірауыздан келісім берді.

«Нұржан Мақсатовтың мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибесі бар. Ол облыстың экономикасы мен бюджеттік жоспарлау, индустриялық-инновациялық даму бағыттарында жауапты қызметтер атқарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды жобаларға жетекшілік етті. Жаңа қызметінде жинақтаған тәжірибесін Мәртөк ауданының дамуына тиімді пайдаланады деп сенемін», – деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.

Нұржан Сұлтанғалиұлы Мақсатов 1992 жылы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген.

Жоғары білімді. Қазақстан-Британ техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2014 жылы Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасында бастаған. Әр жылдары аталған басқармада бас маман және бөлім басшысы қызметтерінде болды.

2020-2022 жылдары Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап осы басқарманың басшысы қызметінтерін атқарды.

Жаңа аудан әкіміне Мәртөк ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық жобаларды ілгерілету және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағыттарында жұмыс жүргізу міндеті қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-martuk/press/news/details/1300020?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version