Департамент басшысының орынбасары Болат Досымов «Бірыңғай есеп беру күні» шарасында бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы кездесуге қатысып, облыс кәсіпорындарындағы еңбек заңнамасының сақталуы бойынша есеп берді.
2026 жылдың 8 айында мемлекеттік еңбек инспекторларымен жүргізілген 264 тексеру нәтижесімен 391 бұзушылық анықталып, 210 нұсқама берілді.
Оның ішінде, мемлекеттік бақылаумен қамтылған бизнес субъектілерінің 13% – ірі, 18% – орта, 10% – кіші және 15% – микрокәсіпкерлік нысандары болып табылады.
«Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде еңбек заңнамасын мүлтіксіз сақтау — кез келген бизнестің тұрақтылығы мен оның әлеуметтік жауапкершілігінің іргетасы болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1300059?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау