Ақтөбе қаласында 22–24 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Жас ұлан – 2026» республикалық әскери-спорттық ойынының финалы өтті.
Елдің барлық 20 өңірінен келген командалар бақ сынаған жарыста қатысушылар дене дайындығы, төзімділік, мергендік, тәртіп және командалық бірлік бағыттары бойынша өзара мықтыны анықтады.
Павлодар облысының намысын Успен, Тереңкөл, Аққулы, Май аудандарының, «Жас сарбаз» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының, Ақсу қаласы мен Ақсу қара металлургия колледжінің оқушылары мен студенттерінен құралған құрама команда қорғады.
Жарыстың жекелеген кезеңдерінде павлодарлық жас сарбаздар да жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда, «Тарихи-іздеу зерттеу жобасын қорғау» номинациясында Аққулы ауданының өкілі Нұрмұхаммед Сейткулов III орын иеленді.
Ал «Белтемірде тартылу» сайысында Май ауданының оқушысы Расул Мигранов III орынға ие болды.
Жарыстың қорытындысы бойынша Павлодар облысының құрама командасы жалпыкомандалық есепте III орын алды.
Бұл нәтиже өңір жастарының әскери-қолданбалы спорт түрлеріне деген қызығушылығы мен жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1300137?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау