Педикулездің алдын алу
Педикулез — бұл адамның бас терісінде өмір сүретін, қанымен қоректенетін және жұмыртқа салатын биттер қоздыратын паразиттік ауру.
Ауру көбінесе сырқаттанған адаммен тікелей тығыз қарым-қатынаста болғанда, сондай-ақ жеке гигиена заттары мен бұйымдарды (тарақтарды, бас киімдерді, орамалдарды, шаш қыстырғыштарды және т.б.) бірге пайдаланған кезде жұғады. Педикулез әсіресе ұйымдасқан балалар ұжымдарында (мектептерде, балабақшаларда, сауықтыру лагерьлерінде) өте жылдам таралады.
Педикулездің алдын алу шаралары гигиеналық ережелерді сақтаудан тұрады:
– Жеке гигиенаны сақтау: денені және басты жүйелі түрде жуу, іш киім мен төсек-орынды уақтылы ауыстыру, төсек-орын мен киім-кешекті (әсіресе балалардың заттарын) ыстық сумен жуу және үтіктеп отыру, тұрғын үй-жайларды жүйелі түрде жинап тұру;
– Жеке заттарды пайдалану: біреудің тарағын, бас киімін, шаш қыстырғышын, орамалын пайдаланбау;
– Жүйелі түрде тексеріп отыру: балалар мекемелеріне (мектептерге, балабақшаларға т.б.) баратын балалардың басын мезгіл-мезгіл тексеріп тұру, жазғы лагерьлерден кейін, сондай-ақ отбасы мүшелерінің немесе достарының бірінен педикулез табылған жағдайда тексеру жүргізу. Педикулезбен ауыратын балалар балалар мекемелеріне жіберілмейді.
Өзіңізден немесе отбасы мүшелерінен педикулез табылған жағдайда медициналық ұйымға жүгіну қажет. Онда емдеу, заттарды және үй-жайларды өңдеу бойынша ұсыныстар беріліп, ауырған адам мен қарым-қатынаста болған адамдарға бақылау жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1300586?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау