Қарақия ауданы полиция бөлімі қызметкерлері Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 15 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіліп жатқан «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Құрық ауылының тұрғындарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлап кетуінің алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және үй жағдайында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды, терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнатуды және терезе маңына жиһаз қоймауды ескертті.
Сонымен қатар мамандар ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге және жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын сақтауға шақырды.
Балалардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың басты жауапкершілігі!
Қарақия ауданының полиция бөлімі тұрғындарды балалардың өмірі мен денсаулығына бейжай қарамай, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1300443?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау