ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24–26 қыркүйек күндері Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 2013–2014 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Ақтөбе облысының чемпионаты өтті.

🔹️Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Займолдин Сәкен Ғазизұлы сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Сонымен қатар, спорт саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.

🔸️Сондай-ақ, самбо күресінен спорт шебері, Ақтөбе қазақ күресі федерациясының президенті Жолмағанбетов Әскербек Степанұлы арнайы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Чемпионат барысында жас балуандар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, жеңіс жолында бар күш-жігерін салды.

🏆 Барша жүлдегер атанған спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Жас балуандарға алдағы жарыстарда толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз! 🇰🇿🤼‍♂️

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1299964?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version