Қазақстан мен Индонезия мәдени-ағартушылық байланыстарды дамытуда.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Джакарта, 2026 жылғы 28 қыркүйек – Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігі мәдени-ағартушылық байланыстарды нығайтуға және серіктес елдердің танымалдылығын арттыруға бағытталған Мультимедиа Нусантара университетіндегі (UMN) Халықаралық апталыққа қатысуда.

Іс-шара аясында қазақ тарапы көрме стендін ұсынды. Университет қонақтары картиналар, ұлттық киімдер, киіз бұйымдары, дәстүрлі әшекейлер мен кәдесыйлар арқылы Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрімен таныса алды. Студенттер мен оқытушылар туристік брошюралар, сондай-ақ жетекші қазақстандық жоғары оқу орындары мен елімізде білім алу мүмкіндіктері туралы материалдарға зор қызығушылығын білдірді. Стенд экрандарында Қазақстанның туристік және табиғи әлеуеті туралы бейнероликтер көрсетілді.

UMN-де студент алмасу бағдарламасы бойынша оқып жатқан қазақстандық студенттердің өнер көрсетуі бағдарламаның көркіне айналды. Жастар көрермендердің ыстық ықыласына бөленген және қонақтарға Ұлы даланың қонақжайлық атмосферасын сыйлаған Абайдың әйгілі «Көзімнің қарасы» әнін орындап, «Қара жорға» биін биледі.

UMN Халықаралық апталығына қатысу гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудың және индонезиялық жастарды Қазақстанның бай мәдени мұрасы мен заманауи жетістіктерімен таныстырудың жақсы мүмкіндігіне айналды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1300605?lang=en


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version