Қазақстан Өзбекстанда өткен форумда жаңа Конституциядағы адам құқықтарын қорғау тетіктерін таныстырды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасары Берік Жақаев «Адам құқықтары туралы халықаралық пактілердің 60 жылдығы және Даму құқығы туралы декларацияның 40 жылдығы: Адамның қадір-қасиеті, теңдігі және орнықты дамуы жолындағы жаһандық әріптестік» тақырыбында өткен V Самарқанд адам құқықтары форумының жұмысына қатысты.

Іс-шара Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Берік Жақаев өзбекстандық әріптестерін айтулы мерейтоймен құттықтап, Орталықтың азаматтардың құқықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

«Халықаралық міндеттемелерден оларды тиімді іске асыруға дейін: адам құқықтары саласындағы ұлттық тетіктердің рөлі» атты панельдік сессия барысында Қазақстанның адам құқықтарын қорғау институтының 2002 жылы консультативтік орган ретінде құрылған кезінен бастап, кең ауқымды өкілеттіктері бар конституциялық институтқа дейінгі даму тарихы мен қазіргі жетістіктері кеңінен таныстырылды. Алдағы кезеңге арналған негізгі басымдықтар да атап өтілді.

Баяндамада Қазақстанның жаңа Конституциясында адам, оның өмірі мен құқықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалғанын ескере отырып, адам құқықтарын қорғау тетіктеріне ерекше назар аударылды.

Халықаралық сараптамалық алаңға әртүрлі елдерден халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, ұлттық құқық қорғау институттарының, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың, сондай-ақ азаматтық қоғамның өкілдері қатысты.

Форум аясында адам құқықтарын қорғау және ілгерілету, орнықты даму мен халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ даму құқығын іске асырудың заманауи тәсілдері талқыланды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1299975?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version