Шет ауданы Ақжал кенті әкімдігінің бас маманы «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында кент тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тұрғындарға құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы, жемқорлықтың алдын алу жолдары мен заңнама талаптары кеңінен түсіндіріліп, арнайы ақпараттық парақшалар таратты.
Басты мақсат — қоғамда жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік пен адалдық мәдениетін орнықтыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету.
Заң мен тәртіпті сақтау — әрбір азаматтың ортақ міндеті! Адал қоғамды бірге құрайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1300783?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау