Жетітөбе ауылдық округіне қарасты Кәріқорған ауылында «Заң мен тәртіп – қоғамның ортақ құндылығы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуде заң үстемдігі, қоғамдық тәртіп, азаматтық жауапкершілік және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Аудан әкімінің орынбасары Ахметова Анар Садыққызы заң мен тәртіптің қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы маңызына тоқталды.
Сонымен қатар аудандық полиция өкілдері интернет алаяқтықтың алдын алу, цифрлық сауаттылық, «дропер» ретінде заңсыз әрекеттерге тартылудан сақтану және ұрлықтың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жастар тәрбиесі, құқықтық сауаттылық, отбасындағы тәртіп пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері де қозғалды.
Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1300448?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау