«Жалған нөмір» рейді: ШҚО-да жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану фактілерінің жолы кесілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Жалған нөмір» рейді: ШҚО-да жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану фактілерінің жолы кесілді

25-27 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Жалған нөмір» рейдтік іс-шарасы өтті. Үш күн бойы полиция қызметкерлері көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану талаптарының сақталуын тексеріп, оларды заңсыз пайдаланудың жолын кесті.

Сондай фактілердің бірі Риддер қаласында анықталды. 32 жастағы қала тұрғыны өзінің «Subaru Forester» маркалы автокөлігіне жалған мемлекеттік нөмірлер тағып жүрген.

Ұқсас факті Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында да тіркелді. 55 жастағы жергілікті тұрғын автокөлігіне жалған мемлекеттік нөмірлер таққан.

Екі жүргізушіге де ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3 және 4-бөліктері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды.

Рейд барысында мемлекеттік нөмірлік белгілерінсіз көлік басқарудың 13 фактісінің жолы кесілді.

Полиция жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерін пайдалану немесе олардың болмауы заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1300618?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version