2026 жылдың 28 қыркүйегінде Жаңасемей аудандық мәслихатының даму саласындағы экономика және бюджет, агроөнеркәсіптік кешен мен экология, әлеуметтік сала, депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар күн тәртібіне шығарылған негізгі мәселелерді жан-жақты талқылап, тиісті ұсыныстар әзірледі.
Тұрақты комиссияның күн тәртібінде:
1. Жылыту маусымына дайындық: Тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің, жылумен жабдықтаушы ұйымдардың, тұрғын үй қорының және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралып, бағаланды.
2. Қоғамдық қауіпсіздік: Жаңасемей ауданының ішкі істер бөлімінің қоғамдық тәртіпті сақтау және аудан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
3. Аудандық бюджетке өзгерістер енгізу:Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 23/275-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
4. Ауылдық округтер бюджеттеріне өзгерістер енгізу: Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы «Абай облысы Жаңасемей ауданы ауылдық округтері мен кенттерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жобасы талқыланды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша барлық мәселелер бойынша жан-жақты талқылау жүргізіліп, аталған сұрақтар сессия отырысының күн тәртібіне енгізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanasemey/press/news/details/1300715?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау