Жас сақшылар арасында спорттық эстафеталық жарыс өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидасын ілгерілету, жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу, құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласында «Жас сақшы» сыныптары арасында спорттық эстафеталық жарыс өтті.

Жарысқа қала мектептерінен 11 команда қатысып, жас сақшылар жылдамдық, ептілік, төзімділік және командалық бірліктерін сынады.

Эстафета қорытындысы бойынша:
 1-орын – «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының» «Жас Арлан» командасы;
 2-орын – №87 жалпы орта мектеп;
 3-орын – А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектеп.

Ал командалық арқан тарту сайысында:
 1-орын – №89 жалпы орта мектеп;
 2-орын – №5 жалпы орта мектеп;
 3-орын – №36 жалпы орта мектеп.

Іс-шара барысында жас қатысушылар белсенділік танытып, спортқа деген қызығушылықтары мен ұйымшылдықтарын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1300788?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version