Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында 17–27 қыркүйек аралығында жастар мен жасөспірімдер арасында кикбоксингтен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің 79 елінен 1500-ге жуық спортшы қатысты.
Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 1-орынға ие болып, 25 алтын, 20 күміс және 21 қола медаль жеңіп алды.
Осы дүбірлі додада Абай облысының спортшылары да ел намысын абыроймен қорғап, 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Карибек Ислам – 81 кг, Full Contact – алтын медаль.
Даулетпек Нұрдаулет – 48 кг, Full Contact – күміс медаль.
Айтказин Арсен – 51 кг, Low Kick – күміс медаль.
Дулат Әзиз – 63,5 кг, Full Contact – күміс медаль.
Бекетов Данил – 48 кг, Full Contact – қола медаль.
Ақанов Аңсар – 57 кг, Full Contact – қола медаль.
Нұрқасым Дінмұхаммед – 63,5 кг, Low Kick – қола медаль.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Абай облысының спорт қауымдастығы салтанатты түрде қарсы алды. Кездесу барысында спортшыларға құрмет көрсетіліп, олардың жеңісі өңір спортының маңызды жетістігі ретінде атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1301578?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау