«АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Бүгін Достық үйінде «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен, облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адал азамат – белсенді қоғам» тақырыбында ашық есік күні өтті.
Іс-шараның мақсаты – азаматтық қоғам институттарының өзара байланысын нығайту, қоғамдық бастамаларды қолдау және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ашық диалогты дамыту.
Ашық есік күні аясында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, оған мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, қала тұрғындары мен жастар қатысты. Қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Кездесу барысында мемлекеттік сатып алу саласына қатысты да бірқатар өзекті мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу рәсімдері, заңнама талаптары, сатып алу процесінің ашықтығы және қатысушылардың құқықтары мен міндеттері жөнінде сұрақтар қойылды.
Аталған сұрақтарға Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының өкілі
Қуандық Алтынай Қуандыққызы жауап беріп, қатысушыларға тиісті түсіндірмелер берді.
Осы бағыттағы ашық форматты кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, халықпен кері байланысты нығайтуға, азаматтардың ұсыныстары мен мәселелерін тыңдауға және мемлекеттік органдардың жұмысына деген қоғамдық сенімді арттыруға бағытталатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-satyp-alu/press/news/details/1301487?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version