«Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы» КММ ұжымымен кездесу

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 қыркүйекте Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің өкілдері «Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесу өткізді.

🔹Кездесуге Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы З. Илимжанова және Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Б.Б. Орманов қатысты.

🔹Кездесу барысында әлеуметтік қорғау саласындағы өзекті мәселелер, ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы, сондай-ақ орталық қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.
🔹Сонымен қатар, мекеме ұжымының пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне назар аударылды.

🔹Басты мақсат – ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың сапасын арттыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1300918?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version