Біржан сал ауданында «Шырша» шағын орталығы ашылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Біржан сал ауданының Бұланды ауылында жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Шырша» шағын орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға аудан әкімі мен жергілікті қадағалау органының басшысы қатысып, педагогтерді, ата-аналарды, қамқоршыларды және тәрбиеленушілерді осы айтулы оқиғамен құттықтады.

Аудан прокуроры Ануар Құлышев өз сөзінде «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген халық даналығына тоқталып, елдің болашағы бүгінгі таңда балаларды тәрбиелеу мен білім алуы үшін қандай жағдай жасалып жатқанына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Сонымен қатар, балалардың құқықтарын қорғауға, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып, бұл мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі екені атап көрсетілді.

Балаларды отбасылық жылулыққа бөлеп, қамқорлық пен қолдау көрсетіп жүрген қамқоршыларға да ерекше алғыс білдірілді.

Мерекелік іс-шара соңында шағын орталық тәрбиеленушілеріне естелік сыйлықтар табысталып, «Шырша» шағын орталығының ашылуы балалар үшін шынайы мерекеге әрі ауыл өміріндегі маңызды оқиғаға айналды.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1301541?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version