Нашақорлыққа жол жоқ!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп оқушылары арасында есірткі заттарының зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында тиісті профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға есірткі құралдарын қолданудың адам денсаулығына тигізетін кері әсері, оның зияны мен салдары, есірткі заттарын қолданғаны және таратқаны үшін заңнамада көзделген құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді. Іс-шараға мектеп оқушылары, жауапты сала мамандары және қоғам белсенділері қатысып, есірткіге тәуелділіктің алдын алу және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Нашақорлықтың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті. Осы бағыттағы түсіндіру және профилактикалық жұмыстар мектеп оқушылары арасында алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-yntaly/press/news/details/1301256?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version