«Өнермен өрге жүзейік» салтанатты жиыны

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қабанбай балалар шығармашылығы орталығында Білім күніне орай «Өнермен өрге жүзейік» атты салтанатты жиын өтті.

Шара барысында Қабанбай ауылдық округі әкімінің орынбасары Фархат Базарбайұлы мен мекеме басшысы Ғалымжан Телеубекұлы жиналған қауымды жаңа оқу жылымен құттықтап, жас өнерпаздарға сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі.

Жиын барысында Балалар шығармашылығы орталығының үйірме тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салып, ән-жырларын арнады. Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен олардың жетекші ұстаздары арнайы құттықталып, еңбектері атап өтілді.

Жаңа оқу жылы – жаңа белестер мен жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Өнерлі өрендерімізге шығармашылық шабыт, биік жетістіктер және толағай табыстар тілейміз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1301453?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version