Қарағандылық спортшы Азия ойындарында күміс медаль иеленіп, жеке рекордын жаңартты

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының жеңіл атлеті Аделина Земс Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалында спортшы 54,58 секунд нәтиже көрсетті. Бұл – Аделина Земстің жаңа жеке рекорды.

Алтын медальға дейін спортшыға небәрі 0,27 секунд жетпеді. Бірінші орынды Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Мариам Карим 54,31 секунд нәтижесімен иеленіп, Азия ойындарының жаңа рекордын орнатты. Үшінші орынға 54,75 секунд нәтиже көрсеткен Үндістан спортшысы Витья Рамрадж тұрақтады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1300929?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version