Қарақияда жас сақшылар полиция қызметімен танысты

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қарақия ауданында «Ашық есік күні» аясында Қарақия ауданы полиция бөлімінің «Жас сақшы» сыныбының оқушылары полиция бөлімінің жұмысымен танысты.

Кездесу барысында жас сақшылар полиция бөлімінің құрылымы мен негізгі қызмет бағыттары туралы ақпарат алды. Оқушыларға бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі көрсетіліп, оның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алудағы маңызы түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері оқушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді.

Сонымен қатар, жасөспірімдерге олардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, жол қозғалысы қауіпсіздігі және интернет кеңістігінде сақтық шараларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында оқушылар полиция қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдарындағы қызметтің ерекшеліктері туралы қосымша мәлімет алды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқық қорғау органдарының қызметіне қызығушылығын арттыру, құқықтық сауаттылығын жетілдіру, заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттау және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Қарақия ауданы полиция бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1301057?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version