Ағымдағы жылғы 14–15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамалық нормаларын түсіндіруге бағытталған семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Күн тәртібі шеңберінде мынадай негізгі мәселелер қаралды:
Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау: Жылдық жоспарды қалыптастыру, бекіту және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырудың бекітілген тәртібі
Конкурстық рәсімдер: Конкурстық құжаттама мен техникалық ерекшелікті талаптарға сай әзірлеу, өтінімдерді қарау және жеңімпазды анықтау процесі
Шарттық міндеттемелер: Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу, орындау, бұзу тетіктері және міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін көзделген жауапкершілік
Заңнамадағы өзгерістер: «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына енгізілген соңғы толықтырулар мен түзетулер, сондай-ақ камералық бақылау нәтижелері бойынша жиі анықталатын заңбұзушылықтардың алдын алу жолдары.
Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеудің практиалық кейстерін талдап, өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасты.
Аталған іс-шара мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын, жариялылығын және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға алдағы жұмыста басшылыққа алу үшін әдістемелік ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zakup-mang/press/news/details/1301470?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау