“Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы” атағын беру туралы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХІ сессиясында келесі азаматтарға «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» шешім қабылданды:

– Тұрарбек Анарбекұлы Әзекеновке – «Казцинк» ЖШС бас директорының кеңесшісі;

– Аден Резванович Гакаевқа – «Руда емес материалдар комбинаты» ЖШС құрылтайшысы;

– Александр Васильевич Гречухинге – мемлекеттік-қоғам қайраткері, «Казгипроцветмет» ЖШС президенті аппаратының басшысы;

– Лариса Александровна Гречушниковаға – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының төрағасы;

– Советхан Бекқазыұлы Дүйсембаевқа –  «ШҚО «Парыз» қайырымдылық қоры» ҚҚ басшысы;

– Жанболат Байрахметұлы Қазановқа – «ЭЛХОН» ЖШС директоры;

– Әсем Тілекқызы Мамутоваға – «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті;

– Лұқбек Шабданұлы Тұмашиновқа – зейнеткер (VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты), «UKG STROY» ЖШС, «Ертіс-Сервис» ЖШС, «Шығыс Қарағай» ЖШС, «Верх-Катунь» ЖШС құрылтайшысы;

– Түсіпхан Түсіпбекұлы Түсіпбековке – «Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының» Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы;

– Мырзақан Шәкеновке –  «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Тарбағатай аудандық филиалының төрағасы.

Жоғарыда аталған азаматтарды жоғары және құрметті «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын алуымен құттықтаймыз. Бұл атақ – көп жылғы еңбекті, өңірдің дамуына, оның әлеуметтік және экономикалық әлеуетін нығайтуға қосқан елеулі үлесті, белсенді өмірлік ұстанымды мойындау.

Құрметті азаматтарымызға зор денсаулық, амандық, сарқылмас қуат және жаңа табыстар тілейміз!

Cездердің өмірлік және кәсіби тәжірибелеріңіз алдағы уақытта да туған облыстарыңыздың игілігі үшін қызмет етсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihatvko/press/news/details/1301443?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version