Департамент басшысының орынбасары Болат Досымов “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен шектеулері, мүдделер қақтығысының және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл А. Ұзақбаев мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, заң талаптарын қатаң орындауы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жауапкершілігіне назар аударды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1301302?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау