Таза ауыл – ортақ міндет
2026 жылғы 12 қыркүйек пен 14 қараша аралығында ауылдық округ аумағында санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылады.
Құрмансай ауылында сенбілік өткізіліп, ауыл аумағын тазарту жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында балалар ойын алаңы мен ауыл көшелері қоқыстан тазартылып, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсартуға көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, елді мекен аумағында санитарлық тазалық бойынша рейд жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында аумақтардың санитарлық жағдайы, абаттандыру қағидаларының сақталуы бақылауға алынды.
Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігі бойынша 4 әкімшілік хаттама толтырылды.
Тазалық – ортақ жауапкершілік. Әр тұрғын өз ауласы мен ауыл аумағының тазалығына жауапкершілікпен қарап, абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырамыз.
Таза ауыл – жайлы орта, көрікті мекен!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-kurmansay/press/news/details/1300945?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау