«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы жүргізген ғарыштық мониторинг нәтижесінде Ақтау қаласының аумағында 26 рұқсатсыз қоқыс үйіндісі анықталды. Қазіргі таңда аталған аумақтарды тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, санитарлық тазалық жұмыстары Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағындағы Өндірістік аумақ-3 және «МАЭК» ЖШС маңындағы аумақтарда жүргізілді. Тазалық жұмыстарына 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 200 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою, сондай-ақ қала аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1301028?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау