«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысының учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шаралар теңіз жағалауларында, аулаларда, саябақтарда және халық көп шоғырланатын басқа да қоғамдық орындарда ұйымдастырылуда.
Кездесулер барысында полиция қызметкерлері тұрғындарға тазалық пен абаттандыру талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіруде. Атап айтқанда, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастауға жол бермеу, жөндеу жұмыстарынан кейінгі қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару қажеттігі ескертілді.
Сонымен қатар, белгіленген талаптарды бұза отырып, автокөліктерді аулаларда және ортақ пайдаланылатын аумақтарда жууға жол берілмейтіні түсіндірілді.
Тұрғындарға абаттандыру қағидаларын бұзу, қоғамдық орындарды ластау және белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайда заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
Тәртіп сақшылары көшелердің, аулалардың, теңіз жағалаулары мен қоғамдық орындардың тазалығы әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті.
Полиция тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, құрылыс қалдықтарын белгіленген орындарға шығаруға, қоғамдық аумақтарды ластамауға және абаттандыру талаптарын сақтауға шақырады.
Маңғыстау облысы полиция департаменті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1301208?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау