«Таза Қазақстан»: аумақты абаттандыру бойынша сенбілік
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Қайбағар ауылдық округінде аумақты абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша сенбілік өткізілді.
Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық аумақтар тазартылып, тұрмыстық қоқыстар жиналды, іргелес аумақтар ретке келтірілді. Ауылдық округ қызметкерлері елді мекендерде тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған іс-шараға белсенді қатысты.
Осындай іс-шараларды өткізу экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауына ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karasy-koibagar/press/news/details/1300980?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау