Түркістан облысы Келес ауданында газ сигнализаторлары орнатылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар, прокуратура және газ инспекциясы өкілдерімен бірлесіп, аудан аумағындағы әлеуметтік осал топтағы отбасылардың тұрғын үйлеріне газ сигнализаторларын орнату жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, тұрғындарға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, газ жабдықтары мен жылыту пештерін қауіпсіз пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы жадынамалар таратылды.

Аталған шаралар жылыту маусымында өрт пен газдан улану оқиғаларының алдын алу, төтенше жағдайларға жол бермеу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1301433?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version