Жаңасемей аудандық мәслихатының кезекті XXXI сессиясы өз жұмысын жалғастырды.
Үзілістен кейін Жаңасемей аудандық мәслихатының кезекті XXXI сессиясының отырысы өтті.
Күн тәртібі бойынша депутаттар ауылдық округтердің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы шешім жобаларын, атап айтқанда Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Алғабас, Ертіс, Көкентау, Новобаженово, Озерки және Приречный ауылдық округтері бойынша мәселелерді қарап, бекітті.
Сонымен қатар, сессияда мынадай маңызды ұйымдастырушылық мәселелер қаралды:
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамына өзгеріс енгізілді.
Жаңасемей ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы бекітілді.
Жаңасемей ауданы әкімдігі жанындағы «Заң және тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы бекітілді.
Талқылау қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanasemey/press/news/details/1300971?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау