Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс 74-сессиясы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 қыркүйекте Жарқайың аудандық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс 74-сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Асылхан Әлжановтың төрағалығымен өтті.

Сессия жұмысына Жарқайың ауданының әкімі Е. Жүсіпбеков, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары, қала әкімі, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия барысында күн тәртібі бекітіліп, төмендегі мәселелер қаралды:

  1. «Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-62/2 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Аталған мәселе бойынша Жарқайың ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.А. Ахметова баяндама жасады.

  1. Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы Конституциялық «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы.

Екінші мәселе бойынша Жарқайың ауданы әкімі аппаратының құқықтық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы О.А. Гуменная баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша аудандық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1301004?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version