Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдың 1 қазанында жеке тұлғалар үшін 2025 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.
Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесілі объектілерге, оның ішінде тұрғын үйлерге, ғимараттарға, саяжай құрылыстарына, гараждарға, тұрақ орындарына және өзге де құрылыстарға, құрылыстар мен үй-жайларға, сондай-ақ жер учаскелеріне мүлік салығы салынады.
Азаматтардың жекелеген санаттары үшін, оның ішінде ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар, көп балалы аналардың жекелеген санаттары және жеке тұратын зейнеткерлер үшін мүлік салығын азайту құқығы көзделген.
Жылжымайтын мүлік салығының мөлшері объектінің құнына, оның алаңына, сипаттамаларына және орналасқан жеріне байланысты болады. Жер учаскелерi үшiн салық олардың алаңы мен белгiленген ставкалары негiзге алына отырып есептеледi.
Жеке тұлғалардың объектілері бойынша салық нақты иелену мерзімі ескеріле отырып есептеледі. Егер мүлiк 12 айдан аз уақыт меншiкте болса, салық иелену айларының санына пропорционалды түрде есептеледi.
Салықты төлеу тәсілдері:
– «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшалары және банктер арқылы;
– екінші деңгейдегі банктердің және «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріндегі қолма-қол ақша қаражатымен.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1301496?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау