📢 Ақпараттық хабарлама

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ақпараттық хабарлама

Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы 1 қазаннан 11 қарашаға дейінгі кезеңде Т.Рысқұлов аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімдері мен Ақыртөбе ауылдық округі әкімі аппараттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі және оның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, зерделенеді.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған тиісті шаралар қабылданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-akyrtobe/press/news/details/1301714?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version