2026 жылғы 30 қыркүйекте облыс әкімінің орынбасары Д. Есдәулетовтің төрағалығымен облыстық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шаралары туралы» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін тиісті жағдайлар жасау бойынша мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік, медициналық және психологиялық қолдау көрсету мәселелері қаралды.
Орын алған оқыс оқиғалар бойынша ақпараттар тыңдалып, анықталған мәселелерді шешу және олардың алдын алу мақсатында тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-bala/press/news/details/1302236?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау