7-8 сынып оқушыларына арналған “Тіл шебері” байқауы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

23 қыркүйек күні Тілдер айлығы аясында Ақсай қаласының №2 ЖОББМ базасында аудандық орыс сыныптарының 7-8 сынып оқушыларына арналған “Тіл шебері” байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыра отырып, оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Байқау келесі кезеңдерден тұрды:
1. «Білгірлер бәйгесі» кезеңі бойынша лексикалық және грамматикалық тақырыптар бойынша тест тапсырмаларын орындау;
2. «Кел, сөйлесейік» кезеңі бойынша берілген тақырыпқа диалог құрастыру;
3. «Суреттер сөйлейді» бөлімінде ұсынылған суреттер бойынша сөйлем құрап, суретті сипаттап, ауызша ойын жеткізу.

Қорытынды бойынша 7-сынып бойынша: І орынды №4 ЖОББМ оқушысы Зайцева Милана, (жетекшісі Казиева Алия Кужахметовна), ІІ орынды №6 МЛ оқушысы Исаева Гаухар, (жетекшісі Есмагулова Айгерим Муратовна), ІІІ орындарды №3 ЖОББМ оқушысы Кузьменко Кирилл, (жетекшісі Арыстанова Айгул Мырзахметовна), Қанай МББК оқушысы Феськина Дарина, (жетекшісі Сапиева Гүлсара Сәндібекқызы), дипломдармен №5 ЖОББМ оқушысы Маврешко Анастасия (жетекшісі Дарисова Айнагул Амангельдиевна) мен №1 ЖОББМ оқушысы Ловягина София (жетекшісі Жанбулатова Айсулу Бактыгалиевна) марапатталды.
Байқау қорытындысында 8-сынып бойынша: І орынды №2 ЖОББМ оқушысы Туропова Нозанин (жетекшісі Хабиева Жаннат Тулегеновна), ІІ орынды №3 ЖОББМ оқушысы Рафхатов Сұңғат (жетекшісі Арыстанова Айгул Мырзахметовна), ІІІ орынды Кеңтүбек ЖОББМ оқушысы Дворецкий Леонид (жетекшісі Жантасова Гаухар Хамидуллаевна), дипломдармен №1 ЖОББМ оқушысы Дмитриенко Никита (жетекшісі Жанбулатова Айсулу Бактыгалиевна), Александров МББК оқушысы Киптенко Кирилл (жетекшісі Орынғали Айсана Ұзақбайқызы) марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1302358?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version