«Абайлаңыз, құтырма!»
Павлодар облыстық радиосының эфирінде Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Алмагүл Исаханова құтыру ауруының алдын алу мәселелері туралы айтып берді.
Эфир барысында:
– құтыру ауруының қауіптілігі;
– инфекцияның берілу жолдары;
– аурудың алдын алу шаралары;
– жануар тістеген немесе тырнаған жағдайда не істеу керектігі түсіндірілді.
Жануардың тістеуі немесе тырнауын елеусіз қалдырмаңыз! Уақытылы медициналық көмекке жүгініп, дәрігер тағайындаған құтыруға қарсы вакцинация курсын толық алу — аурудың алдын алудың маңызды шарасы.
Жануарлармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайық!
Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз — сақтық құтырудың алдын алуға көмектеседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1302082?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау