30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күніне орай Әділет департаментінде кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шара барысында әділет органдары қызметінің азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызы атап өтілді.
Салтанатты жиынның ерекше сәттерінің бірі – мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас маман Жанна Ержановна Даткабаеваның Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдау рәсімі болды.
Мерекелік шарада Әділет департаментінің басшысы қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жауапты еңбегіне алғыс білдірді.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, әділет саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерге марапаттар табысталды.
Іс-шара соңында қонақтар мен әріптестердің құттықтаулары айтылып, мерекеге орай арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген мамандардың жауапты қызметін атап өтетін маңызды күн.Салтанатты жиын әріптестерге ізгі тілектер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1302339?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау