Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында басқарма басшысының орынбасары Н.К.Бексұлтанованың төрағалығымен әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің өнім беруші мәлімдеген сипаттамаларының Сыныптауышқа сәйкестігіне мониторинг жүргізу мәселелері бойынша отырыс өтті.
Отырыс барысында әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің өнім берушілер мәлімдеген сипаттамаларының мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары мен көрсетілетін қызметтер сыныптауышының талаптарына сәйкестігі мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, халықтың мобильділігі төмен топтары үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қызметтер порталының функционалын жетілдіру мәселелері қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1301679?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау